Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи танымдық кеш өткізілді

Тарихи танымдық кеш өткізілді

Аралқұм ауылдық кітапханасында «Парасат жолы» орталығында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік елімнің шамшырағы» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып келешекке қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Отанын, өз жерін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Г.Кенжебаева Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Иә, бүгінгі мерекенің орны ерекше. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз екенін айтып өтті.
Кешіміздің шымылдығын кітапханамыздың жас оқырманы Қуандықова С «Ерке сылқым» күйімен ашып, Жарылқасынова З, Еділұлы Д,Жақсыбаев А, Тимурқызы А, Маханбетова А Тәуелсіздік туралы өлең жолдарын оқыды.

"Толқын" ақпарат
15 желтоқсан 2021 ж. 497 0