Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеті қағидаттың маңызы зор

Жеті қағидаттың маңызы зор

Таяуда қалалық №3 кітапхананың ұйымдастыруымен «Елдіктің жеті тұғыры» атты библиографиялық шолу өткізілді. Кештің мақсаты – «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің жеті тұғырын насихаттау. Бұл тұғырды тұлғаландыру – жаңа буынға аманат ету. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, кітапхана меңгерушісі А.Нағашыбаева Елбасының қағидаттар жиынтығын кең көлемде түсіндіріп берді. Кітапхана оқырманы А.Жүндібева қағидаттар жиынтығында айтылған «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» бөліміне қатысты:
–Неғұрлым отбасында адам тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ. Қоғамымызда белсенді азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Қазақстанның ертеңгі келбеті қандай болатыны бүгінде әрбіріміздің отбасымызда тәрбиеленіп жатқан ұл-қызымызға байланысты, – деп өз ойын ортаға салды.
Оқырман А. Махамбетов мұнда қамтылған «Бірлік барда тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, сыйластықта өмір сүрсек, еліміздің іргесі сөгілмесі анық. Дарқан елімізде еркін өмір сүруге мүмкіндік мол  Себебі, "Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» қағидатын болашақ ұрпаққа мирас ету – бұл біздің ортақ борышымыз, – деді. Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеу адами парызымыз екені де сөз болды. Кеш соңында қатысушылар жеті тұғырлы қағидатты болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.

Д. ОРЫНБАСАРОВА,
қалалық №3 кітапхана қызметкері
24 қаңтар 2022 ж. 764 0