Қызылордадағы «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебі жұмысын бастады

Семинарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.Байхожаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры М. Айтимов ашып, қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі мен қызметі туралы айтып өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ж. Шынтасов «Мемлекеттік қызметке қабылдану шарттары», филиал профессоры, з.ғ.к. А. Мадалиева «Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие саналы қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыптарында дәріс оқыды.
Семинар интерактивті форматта пікірталастар мен пікір алмасу, топтық жаттығу, талқылау, жағдайды модельдеу тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізілді.
