Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жүгін сезіне білген

Жауапкершілік жүгін сезіне білген

Қай салада болмасын қызмет жасап жүрген жандар қызығы мен қиындығы қатар жүретінін анық түсінеді. Бірақ таңдаған мамандығының қиындықтарын да елемейтін сала қызметкерлері қашан да жетістікке жетудің жолын таба біледі.
Бүгін аудандық ішкі істер қызметі саласының еңбегі жайында айта кеткім келеді. Аудан көлемінде ауқымды жұмыс атқарып келе жатқан ішкі істер қызметкерлерінің қырағалығына тәнті болдым.
Түсінікті болуы үшін оқиғаны басынан бастайын. Өзім Аманөткел ауылының тұрғынымын. Былтыр жайылымда жүрген менің сиырымның жоғалғандығы туралы ішкі істер қызметкерлеріне хабарлама бердік. Олар іздеу жұмыстарының жүргізілетінін айтып, күтуім қажеттігін ескертті.
Қараша айында ұялы телефоныма қоңырау келіп түсті. Ауылдың ветеринар маманы хабарласып, жоғалтқан екі жасар ірі қара малымның Арал қаласында көшеде жүрген жерінен учаскелік полиция инспекторларынан сұрау түскені туралы хабар алдым. "Курортная" аумағының учаскелік инспекторлары капитан Ермек Жайбергенұлы Баймагамбетов пен лейтенант Дастан Маратұлы Тұрсынов жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, қала көшесінде бейсауат жүрген малдың иесіз жүргендігін анықтаған.
Елдің алғысына бөленудің өзі бір бақыт. Қашанда жауапкершілік жүгін сезіне білген азаматтар мен ветеринар маман Болат Байназаровқа қызметке адалдығы үшін алғыс білдіремін.
Талғат Тілеуқабылов,
Аманөткел ауылының тұрғыны.
01 наурыз 2022 ж. 633 0