«Үздік жыл психологы»: Қызылордалық психологтар республикалық байқауда жеңімпаз атанды
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен конкурстың мақсаты талантты психологтарды анықтау, оларды қолдау және озық тәжірибені насихаттау.
Байқауға республика бойынша білім беру ұйымдарынан 53 педагог-психолог мамандары қатысқан. Кәсіби байқауға Қызылорда облысынан 3 педагог-психолог қатысып, бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша аймақ абыройын қорғаған 2 педагог-психолог үздіктер қатарынан көрінді. Казалы ауданындағы №249 мектеп-лицейінің педагог-психологы Айгерім Қожахметова І орынды иеленсе, Қызылорда қаласындағы №43 орта мектебінің педагог-психологы Жанерке Исмайлова жүлделі ІІІ орынға ие болды.
kyzylorda-news.kz