Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан етемін

Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан етемін

Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл күн- тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Бүгінгі таңда жүрегі жомарт, пейілі дархан қазақ халқының жақсылығын сезінген жандардың қатары қасиетті Арал топырағында да баршылық.
Мен, молдаван ұлтының өкілі Виктор Чумаш, ынтымағы тасыған Қазақстанда, оның ішінде, теңізі телегей болған қасиетті Арал топырағында тұрып жатқанымды мақтаныш етемін. Өзге ұлты өзегінен теппейтін қазақ халқы, ұлтым бөлек болса да, өгейсіткен емес. Орыс тілінде білім алып, ұстаздық жолды жалғастырып келемін. Ұстаз болу оңай іс емес. Бір-бір үйдің еркесін қалыптасқан тәртіпке көндіріп, мектеп өміріне үйрету, білім алуға, адами қасиеттерге баулу ұстаздан көп еңбекті, төзімділік пен шыдамдылықты қажет ететіні даусыз. Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектепте Қазақстанның жас ұландарына дәріс беріп жүрмін.
Ұлтым молдаван болса да, жүрегім қазақ деп соғады. Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан етемін.

Виктор ЧУМАШ,
Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің
дене тәрбиесі пәні мұғалімі

03 наурыз 2022 ж. 391 0