Ғасыр жасаған кейуанаға құрмет көрсетілді

Аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың хал-жағдайын сұрап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауы мен сый-сияпат табыстап, иығына ақ жаулық жапты.
Ұзақ жылдар бойы сауда саласында қызмет еткен Күлмаш әжей бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.
Ертеректе тылда тер төгіп, туған жерінде еңбек еткен аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 5 перзентінен 13 немере 22 шөбере сүйіп отыр.
Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген әжей елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.
