Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Ниязов: "Партиялардың да өзара тең дәрежеде бәсекеге түсуі құптарлық нәрсе"

Мұхтар Ниязов: "Партиялардың да өзара тең дәрежеде бәсекеге түсуі құптарлық нәрсе"

Шыны керек, бүгінгі жолдаудың ерекше болары осыған дейін де айтылған. Асыға күттік. Сосын ешқандай тапсырмасыз ұжымның бір бөлігін жинап, бірге отырып көрдік. Ішкі, сыртқы сатқындықтар, мемлекетке, тәуелсіздікке төнген қауіп, Қаңтар оқиғасының ащы сабақтары мен зардаптары туралы жан-жақты айтылды. Енді қоғамның көңілін күпті қылып тұрған осы оқиғаның ақ-қарасы анықталып, егжейлі-тегжейлі айтылса тіпті құба-құп. Меніңше парламенттің құзіретін күшейту де демократияға қарай жасалған үлкен қадам. Жергілікті мәслихаттар да өздерінің шаң басуға айналған міндеттерімен қауыша бастайтын шығар. Партиялардың да өзара тең дәрежеде бәсекеге түсуі құптарлық нәрсе. Қоғамның да, биліктің де әр тармағы мен әр мүшесіне бұрын берілмеген еркіндіктер мен қоса алапат жауапкершіліктер де артылған секілді. Ал енді жаңадан үш облыс ашуы оның біреуі Абай Хәкімнің атын алуы тосын, тарихи оқиға болды. Жезқазғанның жолымен үш жыл тоқтамай көлікпен қатынаған адам ретінде осы тұйықта тұрған аймақтың тамырына қан жүреріне шын қуаныштымын. Әлемнің біраз бөлігі соғыс пен кризистің уайымында отырғанда, біздің мемлекеттің үш бірдей облыс ашуға тәуекел етуі кәдімгідей кеудеңді сергітіп тастайды екен. Әйтпесе қант пен ұнға таласып кеттік қой:)) Ең бастысы, бүгін айтылған сөздердің іс жүзіндегі нәтижесін бәрімізге бірге көруге жазсын. Мың өліп, мың тірілген халықтың алдынан ақ күн туып, бірлігі бекем, тірлігі алға баса берсін!

Мұхтар НИЯЗОВ,
айтыскер ақын
16 наурыз 2022 ж. 229 0