Қоғам кеселімен күрес толастамайды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдаған Жолдауында және «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Ол – ел болып әділеттікке қызмет ету. Мемлекеттік дәрежеде талқылау жүргізіп, жүйелі шешім шығару.
Сыбайлас жемқорлық сылып тастай салатын жара емес екенін ұғынған жөн. Сол үшін әділеттікті ту етіп, мемлекетке адал қызмет ететін жақсы маманды тәрбиелеуді дұрыс шешім дер едім. Егер әр билік өкілі мемлекет дамуының бірінші баспалдағы өздерінен басталатынын әрдайым есте сақтаса, сыбайлас жемқорлық өз күшін жояды деп сенеміз.
Ө. САНАҚҰЛОВ,
Сапақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы