Сексеуіл кентінде “Ата мұра - асыл қазына” тақырыбында аймақтық семинар өтті

Семинардың мақсаты – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу, ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.
Семинар бағдарламасына сәйкес “Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада” бөлімінде аудандағы алғашқылардың бірі болып ашылған “Жәния”жеке балабақшасының жұмысы кеңінен таныстырылып, топтарда оқу қызметтері, тренингтер, бүлдіршіндер шығармашылығы бойынша түрлі жұмыстар көрсетіліп, соңында тәрбиеленушілер мен педагогтердің музыкалық шашуымен қорытындыланды.






