Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронталды бөліктің өтуі Қазақстан территориясың басым бөлігіне құбылмалы ауа райын алып келеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, орталығында шаңды дауыл соғады.

kyzylorda-news.kz
08 сәуір 2022 ж. 202 0