Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге бару – азаматтық борыш

Әскерге бару – азаматтық борыш

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 4 наурызындағы №827 жарлығына сәйкес Арал ауданы бойынша көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыру жұмыстары атқарылуда.
Осыған орай, 2022 жылдың 13 сәуір күні аудандық әскерге шақыру комиссиясының Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің және Арал ауданы әкімі аппаратының мамандарымен құрылған мобилдік топ компьютер клубтарына, дәмхана, кафе, теннис клубтарына және де басқа жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарға түнгі рейд жұмыстарын жүргізіп, 30-дан аса жасөспірімге әскерге шақыру қағаздарын таратты. Нәтижесінде 14 сәуір күні 8 азамат облыстық медициналық комиссияға жолданды.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеп, Қазақстан Республикасының әскери қатарын толықтыру мақсатында бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
15 сәуір 2022 ж. 478 0