Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тілі – бал

Бала тілі – бал

— Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.— Иә, ол не тексерді?— Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.
***
— Әке, барабан сатып әперші.
— Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!
 — Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын
***
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
— Анаң қайда?
— Жұмыстан әлі келген жоқ.
— Әкең ше?
— Ол да тығылып қалды.
***
— Кеше сабаққа неге келмедің?
— Ағам ауырып қалды.
— Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?
—Жоқ, мен оның велосипедін тептім.
***
Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады. Анасы:
— Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.
— Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? – депті қызы таңғалып.

Дайындаған: А. НҰРЛАНОВА
19 сәуір 2022 ж. 833 0