Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі зор

Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі зор

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде неке бұзу туралы және 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы екі азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді.
Некені бұзу туралы талап қою бойынша талап қоюшы жауапкермен 2008 жылдан бері заңды некеде тұратынын, ортақ некеден төрт балаларының барын,  мінездерінің жараспауынан бір-бірінен бөлек тұратынын, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Алимент өндіру туралы талап бойынша талап қоюшы Қызылорда қаласында жоғарғы оқу орнында оқитынын көрсетіп, бөлек тұратын әкесінен өзі 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді сұраған.
Аталмыш істерді сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген.
Нәтижесінде, неке бұзу туралы талап бойынша тараптар татуласып, некелерін сақтап қалу жөнінде медиативтік келісімге келсе, 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы талап бойынша жауапкер ай сайын талап қоюшыға екеуара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымдарымен келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
12 мамыр 2022 ж. 493 0