Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа да тәрбие қажет

Тазалыққа да тәрбие қажет

"Тазалық – иманның жартысы" деген тәмсіл бар қазақта. Расында дәстүрін дінмен байланыстырған халқымыз әр нәрсенің мағынасын тереңнен түсіне білген. Ал тәрбиеміз қай уақыттан да дәстүрдің негізінде беріледі.
Біз бала тәрбиесіне басты жауапты екенімізді ұмытпаған дұрыс. Әсіресе балаға ес білгеннен бастап балабақшада болып, білімді де, тәрбиені де осы жерден парақтай таза санасына сіңіреді. Әдетте ауызбен айтып берген тәрбиеден гөрі көзбен көргенін тез қабылдайды және санасында сақтайды. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген де содан шыққан.
Сондықтан біз балабақша тәбиеленушілеріне күнделікті айналаны таза ұстау, табиғатты аялау, гигиеналық тазалықты сақтауды жиі айтып отырамыз. Сондай-ақ сенбілік ұйымдастырылып, ұжым мүшелері тазалық акцияларынан да құр қалған емес. Ал оны көрген бала ертеңгі күні табиғаттың жанашыры болатыны даусыз.
Жалпы, тазалық алдымен өзгеден бұрын өзімізге қажет. Сондықтан тазалық мәдениетін қалыптастыруды, сана тазалығын өзімізден талап етуіміз керек. Сонда ғана ұрпағымыздың болашағы нұрлы болып, салауатты өмір салты салтанат құрады.
Сәуле Сансызбаева,
"Ақбота" балабақшасының меңгерушісі
28 мамыр 2022 ж. 1 137 0