Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Ж-дан баласы үш жасқа толғанша өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың татуласуларына байланысты аяқталды.
Сотта анықталғандай, тараптар бір-бірінен бөлек тұрады, талап қоюшы баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейді.
Істі негізінен қарау барысында, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынған.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі