Қарыз дауы медиация тәртібімен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы Б-ның жауапкер Г-ден берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 550 000 теңге қарыз алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Судья медиатор тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талапты мойындап, берешек қарызын талап қоюшыға 2022 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында 20 000 теңгеден, 2022 жылдың қазан айында қарызының қалған бөлігін толық көлемде өтеуге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі