Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Кеше аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Аудан әкімі С. Сермағамбетов төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссия отырысында үш мәселе қаралды. Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шәкен Дархан орман қорында өрт қауіпсіздігін сақтау және дала алқаптары мен шалғай орналасқан елді мекендердегі өрттерді сөндіру және аудандағы өрт сөндіру бекеттерінің жағдайы туралы баяндады.

Одан соң жедел құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы Жиеналиев Елдос жазғы суға шомылу маусымында ауданның су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Хабарламада жаз мезгіліндегі суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде тұрғындарға жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына тоқталды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудан аумағында Конго-Қырым гемморрогиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақзия Қасымқызы баяндады.
Хабарламашылардан кейін аудан әкімі барлық қаралған мәселелердің өзекті екеніне тоқталып, әрбір аймақтағы төтенше жағдайларға алдымен қала,кент, ауылдық округ әкімдерінң жауапты екенін айтып, қажетті техникалардың үнемі дайын тұруы керектігін қатаң ескертті.

Сонымен бірге, арнайы бекітілген төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар бойынша өзара ақпарат алмасудың іс-қимыл алгоритміне сай жұмыс жасаудың маңыздылығын айтты.
Жауапты мекемелерге ауылдық округтермен шектесетін орман аумақтарына арнайы минералды жолақтарын жеткілікті етіп қамту, дала өрттерінің алдын алу мақсатында күш-құралдардың үнемі дайындықта болуын, бірлескен оқу-жаттығулар, рейдтік шаралар өткізілуін қамтамасыз ету жүктелді.

Мұнымен бірге аудан басшысы өрттердің алдын алу мен қауіпсіздік ережелері тақырыптарында ақпараттар орнатуды, елді мекендерде ерікті жасақтар құру жұмыстарын үйлестіруді, шаруа қожалықтар иелеріне егістіктерінде, жайылымдарда, шабындықтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Комиссия отырысында талқыланған жаз маусымының басталуымен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті екендігін айтып, өзендер мен көлдер жағажайларында қауіпсіздік талаптарының қағидаларына сәйкес ескерту тақтайшаларын орнатуды, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шараларды ұйымдастыруды, Қамыстыбас көлі жағасындағы Аққұмшық демалыс аймағында орналасқан демалыс үйлерінің иелеріне аумағының тазалығын, су астын әйнектерден тазалау және жағажайдағы демалушы адамдардың судағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және құтқарушы жасақтарының тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыруды жүктеді.

Сонымен қоса Конго-Қырым геморрогиялық қызбасы ауруының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстарына мұқият болып, жауапкершілікпен қарау қажеттігіне тоқталды.
Жауапты мекеме басшыларына, шаруа қожалық иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлардың және тұрғын үй қораларының лас қоқыстардан толық тазалаудың маңыздылығы мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сынеды өзге де аурулардың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және қажетті препараттарды егудің маңыздылығы жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

05 шілде 2022 ж. 307 0