Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

Сотта анықталғандай, тараптар бір-бірінен бөлек тұрады, талап қоюшы баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейді.
Істі негізінен қарау барысында, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынған.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшымен татуласып отбасын сақтап, бірге тұрып балаларына материалдық көмек көрсетуге міндеттенді, ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі