Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент және ауылдық округтерде атқарылған жұмыстардың барысы тыңдалды

Кент және ауылдық округтерде атқарылған жұмыстардың барысы тыңдалды

Кеше арнайы өткізілген мәжілісте бірқатар кент және ауылдық округтерде атқарылған жұмыстардың барысы тыңдалды.

Ауыл әкімдері жыл басынан бері өңірдегі экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, салық түсімдерінің орындалуы, жұмыспен қамту сынды негізгі салалар бойынша және аудан әкімінің елді мекендерді аралау барысында берілген тапсырмалардың орындалуын баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев баяндамашыларды тыңдап шыққан соң кейбір салалар бойынша төмен көрсеткіштерді атап өтіп, олардың толық орындалмау себебін сұрады. Кент және ауылдық округ әкімдеріне алдағы уақытта жұмыстарды жандандырып, жергілікті халықпен ашық түрде байланыс орнатудың маңыздылығын назарға салды. Сонымен бірге, төменгі көрсеткіштер бойынша жауапты сала басшыларымен бірге нақты шаралар қабылдап, әрбір мәселені жіті назарға алып, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі 

22 шілде 2022 ж. 415 0