"Жол мақсаты – жету" еді...
«Қатер аяқ астында» дейді қазақ. Расында солай дегенмен бүгінгі таңда кез келген жағдайдың соңы орны толмас өкінішке ұласып бара жатқаны жасырын емес. Әсіресе, жол-көлік оқиғаларының салдарынан қайғыдан қан жұтып, жақынын жоғалтқандар көбейіп келеді. Оған төмендегі ақпараттар дәлел бола алады. О.ЖОЛДАСОВ
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткен жылдың үш айында елде 2 621 жол апаты болғанын, жол апаты салдарынан 363 адам қаза тауып, 3605 адам жарақат алғанын растаған. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев:
– Жол апатының себептері жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу және жол қиылыстарынан өтумен байланысты. Бүгінгі таңда елімізде 4,3 млн көлік құралы пайдаланылуда. Әрбір жүргізуші рульге отырып, өзін барынша қауіпсіз сезінгісі келеді. Біздің міндетіміз – оны қамтамасыз ету, – деген еді. Алайда биылғы жағдай мәз емес. Нақтырақ айтар болсақ, ernur.kz ақпараттық порталының мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны бір жылда 13%-ға өскен. Биыл да үш айдың қорытындысы бойынша елімізде 2,6 мың жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға аз десек те, Алмалы ауданы, Алматы мен Жамбыл облыстары көш бастап тұр. Солтүстік Қазақстан облысы ең аз дерек тіркелген аймақ болып табылады.
Бірақ оқыс оқиғадан зардап шеккендер саны да былтырғыдан аз ғана айырмашылық көрсетіп отыр. Жараланғандардың 1,9 мыңы – ерлер, 1,7 мыңы – әйелдер, 638 мыңы – балалар. Ал ең өкініштісі қаза тапқандар саны бір жылда 12,9%-ға өскен. Нақтырақ 410 адам болып отыр.
Ал аудандағы ахуал қалай? Сол жайында айта кетсек. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ.Шүкіровтің баяндауынша:
– Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып негізделеді. Өткен алты айдың көрсеткіші бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде адам өлтіру, пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, басқа да қылмыстардың барлық көрсеткіштері былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеген. Бірақ бүгінгі күні жол-көлік оқиғалары күрт өсім алып отыр. Былтыр 20 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адам қаза тапты. 23 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылса, биыл да 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Есесіне 15 адам қаза болса, аурухана төсегіне таңылғандар саны 31 адамды құрап тұр. Кенттер мен елді мекендердегі дерек те былтырғымен салыстырғанда 25%- ға өсім алған. Нақты айтсақ, былтыр 4 оқиға тіркелсе, биыл 5 жағдай орын алды, – дейді.
Бірақ бұл істелген жұмыстың жоқтығынан емес. Барынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ әр іске бір себеп болады. Мәселен, патрульдік полиция тобының штаттық құрылымы 5 қызметкермен қамтылған. Оның біреуі аға инспекторы. 4 қызметкер 2 экипажды құрап, 12 сағаттық кезекшілікте қызмет атқарады. Бұл қаладағы көлік қозғалысын толықтай бақылауда ұстауға жеткіліксіз екені түсінікті. Сонымен қатар бұл ретте жол-көлік оқиғаларының орын алуына бақылаусыз жүрген төрт түліктің де тигізер әсері айтарлықтай болып отыр. Мұндай жағдайда тіпті малдың кімдікі екенін анықтауға да мүмкіндік болмайтын жағдайлар кездесетінін жасырмады. Оқиға орнында мал иесін анықтайтын не сырға, не таңба табылмай жатады. Бұл жайында бірнеше рет ескерткенімен, әлі күнге дейін кездесіп келе жатқаны, пада ұйымдастырмауы жағдайды қиындатып отыр.
Міне, осындай деректердің тіркелуіне қарамастан тұрғындар неліктен такси қызметін қолдануға асығады? Себебі неде? Осы сауалдармен бірнеше тұрғынды мазаладық.
– Жалпы такси қызметі уақыт талабына сай қажет-ақ. Бұл кез келген мемлекетте әлдеқашан жолға қойылған кәсіптің түрі. Сондықтан мен қалаішілік, қалааралық, облысаралық такси қызметінің болғанына қарсы емеспін. Өз басым бұл қызметті жиі пайдаланамын. Жұмысым сыртта болғандықтан уақыттың тиімділігіне байланысты қысы-жазы таксиге мінемін. Бірақ сақтансаң сақтайтынын барынша ескертіп отыруға тырысамын, – дейді Ж.Тілеу.
Ал Л.Бақтыбай:
– Облыс орталығына баруым қажет болды. Әдетте пойызбен барғанды тиімді санаймын. Бірақ бір емес, бірнеше күн бойына пойызбен жол жүруге мүмкіндік болмады. Билеттің жоқтығына байланысты Қызылордаға қатынайтын такси іздедім. Бір жас жігіт хабарласып қай уақытта жүргеннің ыңғайлы болатынын сұрады. Таңда жолға шықсақ дедім. «Ендеше таңғы алтыда шығып кетсек қалай болады екен? Басқа да жолаушыларым бар. Олар сағат онда Қызылордада болуы қажет еді» деді такси жүргізушісі. Амалсыздан келістім. Бірақ 500 шақырымға жуық қашықтыққа 4 сағатта жетемін деген сөзінен қорықтым. Алла абырой берген шығар. Аман-сау жеттік. Бірақ расында жоғарғы жылдамдықпен жүру кім-кімнің де көңіліне үрей тудырады. Сондықтан барынша сақ болса дейміз, – дейді.
Түйін; «Жол мақсаты – жету» деп келген қазақпыз. Бірақ мақсатқа жетемін деп қаза тапқандардың қарасы көбейгені көңілді қынжылтады. Бұл қолайсыздыққа себеп іздесек табыла береді. Десе де себеп іздегеннен өкініштің орны толмайтынын да ескеретін уақыт жеткен сияқты. Керісінше, осы жағдайдың болмауын қарастыру барлығымызға жүктелген үлкен міндет. Кінәні жүргізушілерге немесе полиция қызметкерлеріне, басқа да жауапты тұлғаларға жүктей салу жеңіл ғой. Бірақ жауапкершілікті өзімізден бастасақ нұр үстіне нұр болар ма еді?! Қандай да бір жағдай болмасын ескертіп, алдын алып жүрсек, ақыры жақсылықпен аяқталары анық.