Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі мол

Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі мол

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде 3 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталса, 1 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Олар неке бұзу, баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру сынды даулар.
Аталмыш істерді сот талқылауына дайындау барысында судья С.Бертай тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген.
Нәтижесінде, неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша тараптар татуласып, некелерін сақтап қалу жөнінде медиативтік келісімге келсе, баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап қою бойынша жауапкер баласы мен бұрынғы жұбайына қаржылай демеу көрсетіп отыруға міндеттенген.
Ал, тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелген талап қою бойынша, татуластырушы-судья тараптарға заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі «сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан.
Сот ұйғарымдарымен келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Мұның барлығы, тараптардың даудың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып, татуластыру рәсімдерінің жүргізілу деңгейінің жоғарылағанын аңғартса керек.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

08 тамыз 2022 ж. 368 0