Берекелі нәсібі – наубайхана кәсібі

– Бүгінде кәсіп бастау үшін көптеген мүмкіндік бар. Қай саланың болмасын қиындығы мен қызығы қатар жүреді емес пе?! Кәсіп бастап, оны алып жүрудің де өзіндік қиындықтары да жетерлік. Мен де бұл кәсіпке келмес бұрын қала базарында тұрмысқа қажетті түрлі ірілі-кішілі заттар сатқан болатынмын. Содан соң араға біршама уақыт салып нан пісіру кәсібіне бет бұра бастадым. Алғаш нанды үй жағдайында пісіріп, шағын кәсібімді бастап жүрдім. Кейін «Бастау бизнес» жобасы арқылы қайтарымсыз грант ұтып алып, нан пісіруге қажетті пеш, миксер сынды түрлі құрылғыларды алып, өз кәсібімді кеңейттім. Күн сайын таң ертемен ыстық нандар қаламыздың дүкен сөрелеріне жөнелтіледі. Міне, осылайша өз кәсібімді ашып, бүгінде несібесін көріп келемін. Осы секілді кәсіп бастаймын деген жандарға үкімет тарапынан қарастырылған көмекке ризамын. Қаншама жастарды жұмыспен қамтып, бизнеске деген сауатын ашып, ел экономикасын дамытып келеді,– дейді.
Иә, нан – береке. Нан – байлық. Бақытын еңбектен тапқан Ерлыбайға кәсіптік табыс пен береке тілейміз.
А. НҰРЛАНОВА