Кальций мол күнделікті 4 тағам

Адамға күніне 1-1,2 грамм кальций қажет. Ал оны қайдан аламыз?
Жұмыртқаның қабығы. Күнделікті жеп жүрген тағамдардың бірі – жұмыртқаның қабығы нағыз кальцийге бай продукт. Бір жұмыртқаның қабығында 2 грамм кальций болады. Жұмыртқаның қабығын жуып, кептіріп, кофемолкамен ұнтақтаңыз. Кальцийдің бір күндік дозасын алғыңыз келсе, осы ұнтақтан жарты шай қасықтайын жесеңіз жеткілікті.
Күнжіт. Кәдімгі күнжіттің жібітіп, таңғы аспен ішсеңіз, қатып кетеді.
Бадам (миндаль). Бір уыс бадам жаңғағын жесеңіз, бір күндік кальцийді алдым дей беріңіз.
Ақжелек (петрушка). Салатқа қосып жеуге тырысыңыз. Ақжелекте кальцийдан бөлек С дәрумені мол.
Сарымсақ (чеснок). Кальцийге бай тағы бір күнделікті тағам. Кез келген тағамға қосып жесеңіз болады.
massaget.kz