Жас ақындар жырдан шашу шашты

Нақтырақ айтар болсақ, Ақирек ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Туған тілім – тірлігімнің айғағы" атты жазба ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Бұл жыр бәйгесіне жергілікті ауылдың ақындарынан бөлек Қаратерең, Бекбауыл, Райым, Құмбазар, Шөмішкөл, Қосжар, Қосаман ауылдарынан барлығы 8 ақын қатысып, бақ сынасты.
Иә, екі кезеңнен тұратын мүшәйрада шын мықтыны анықтау оңайға соқпады. Десе де бабы мен бағы қатар шапқан қара өлең шеберлерінің арасында Қаратереңнен келген Жанұзақ Серіков бас жүлдені еншілесе, қосжарлық жас ақын Әсемай Истанбаева І орынды еншіледі.
Жазба ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдегер атанған ақындарға Арал аудандық мәдениет үйінің директоры Құттыбай Қуанышов арнайы марапаттар мен сыйлықтар табыстады. Қазақтың қара өлеңін жанына серік еткен жас ақындарға сәттілік тіледі.
Шара соңы жергілікті өнерпаздардың өнеріне ұласты.
Оңталап ЖОЛДАСОВ