23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz