Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңайлатылған іс жүргізудегі медиация

Оңайлатылған іс жүргізудегі медиация

Арал аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер К-дан 2 100 000 теңге қарызын өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Талап қоюшы талабында жауапкердің 2021 жылдың маусым айында өзінен 2 100 000 теңге қарыз ақша алып, бүгінгі күнге дейін алажақ сомасының қайтарылмағанын көрсетіп, жауапкерден тиісті соманы өндіруді сұраған.
Талапты оңайлатылған тәртіпте қарау барысында тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтініштер келіп түскен.
Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
23 қыркүйек 2022 ж. 306 0