Тірліктің көзін тапқандар
Жуырда ғана халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықа арнаған Жолдауында жастарға ұдайы қолдау көрсетілетіндігін ерекше атап өтті. Соның ішінде жастар арасындағы ең өзекті мәселе – жұмыссыздық. Бұл да мемлекет назарынан тыс қалған емес. Ал мақалаға тірліктің көзін тапқан жандар арқау болмақ.
Айдар Төребев – 1996 жылы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде туған. Мамандығы – технолог. Отбасылы. Қазіргі таңда Жақсықылыш кентінде тұралы. Мамандығы бойынша жұмыс жасамған. Ютубер. YouTuber платформасындағы 3 каналы арқылы тәуір табыс тауып отыр.

Жалпы айтқанда манитезатциядан өткен каналдарым ай сайын 500 мыңнын жобасында табыс әкеледі. Бір ескеретіні мұнда табыс тұрақты емес. Және компания тарапынан авторлық құқыққа байланысты кез келген уақытта каналды бұғаттап тастауы мүмкін. Сондықтан мұның да өзіне тән қиыншылығы бар.

– Бала болып ес білгелі төр түлік малдың сырына қанық болып өстік. Әкем Темірбайдың жеке шаруа қожалғы бар. Кішкентайымыздан әкемізге қолғабыс бола жүріп үйренгеніміз көп болды. Бала болсақ та әкеміз бізбен ойласып, малдың жайын ақылдасып отыратын. Есейген соң тіпті бір жағында шаруасын ширатып жүретін болдық. Мектеп бітіріп оқуға кеттік. Бірақ мені қаланың қызыл жасыл өмірі қызықтырған жоқ. Ауылға асығатынмын. Диплом алдық. Тәуір мамандық бар. Дегенмен ол бойынша жұмыс жасау бұйырмады. Қабілетсіздіктен немесе қаламағанан емес, әкеме қолғабыс болғым келді. Мал ауылдан мал әкеліп аудандағы кафелерге сатамын. Оны жіліктеп сойып беремін. Мұндай іс қазірі көптің қолынан келе бермейді. Тіпті ауылдың өзінде үлкендер жағы болмаса жастардың жілікті ажырата білу былай тұрсын мал сойып, терісін сыпыруға да қабілеттісі сирек-ау. Сондықтан бұл менің кәсібіме айналып отыр. Табысым да тәп-тәуір. Дәстүрлі отбасылық шаралар мен мерекелерде тіпті телефоныма дамыл болмай кетеді. Мен ойлаймын қаным қазақ деген әрбір ер бала ұлттық ұғымдарды санасына сіңірумен қатар ердің атқауы тиіс тірлігін білуі керек. Ұлттық құндылықтар жойылмас үшін ұрпақтар сабақтастығы орнауы тиіс. Қазақ еріне «сегіз қырлы, бір сырлы» деген теңеуді бекен айтпаса керек-ті.

– Әкем Аманкелді ауданған белгілі механиг. Бала кезімізден көлік құарадарын жөндеген әкеміздің жанында қолғабыс болып өстік. Содан болар бұл іс біздің бойымызға әбден сіңіп кетті. Ақырында мектеп қабырғасында жүргенде-ақ машинаның тілі жақсы білетін болды. Мектеп бітірген соң Қызылорда қаласындағы полетехникалық колледжге механиг мамандығына оқуға түсіп, диплом алдым. 2019 жылы кәсіпкерлер даярлау курсынан өтіп, мемлекеттен 500 грант жеңіп алдым. Солай кәсіпкер болып көлік құралдарын жөндеумен айналысып келемін. Кейін гаражымды кеңітіп кәсібімді ұлғайттым. Бұдан бөлек қаладағы «Спорт клубында» күзетші болып жұмыс істеймін. Алла беген төрт балам бар. Қазіргі заманда бір жұмысқа қарап өмір сүру мүмкін емес. Балаларлы өмірге әкелген соң жетілдіріп, жеткізу ата ананың міндеті. Сондықтан екі жұмысты қатар алып жүрген жәйім бар. Менің кісібім көлік құралдарын жөндеу болса, негізі жұмысым күзетшілік. Осылай бос уақытты өткізбей тірішілік етіп жатырмыз.

– Арал қаласы менің бақыт мекенім деп айтсам да болады. 2020 жылы Аралға келіп «Той думан» той ұйымдастыру орталғын аштым. Алғаш болып бастаған кәсібім көп өтпей ақ дөңгелеп алға бастам. Қазақ деген қай кезде де тойшыл халық ғой. Ерекше сән салтанатпен өткенін қалайды. Сондайда біздің орталық барлық қызметті көрсетуге арналған. Тойда өнер көрсеттін қызметкерлердің ұлттық нақыштағы кейімдерді өзім тігемін. Кейде тойға арналған кәде сыйлар да қолдан жасаймын. Ал блогерлік қызығушылықтан туған. Өзім өткізген тойларды. Көрген қызықтарды видеоға түсіріп инстаграмм желісінде достарыммен бөлісіп отырамын. Жалпы менің өмірімдегі хоббиім болған нәрсе маған нан болды. Ал дипломды мамандығым шеттеп қала берді. Кім білет бір күні ол да кәдеге асар. Бәрі уақыт еншісінде.
Қарап отырсам бүгін тақырыпқа арқау болған жандардың бәрі жұмыс жоқ деп қол қусырып отырмай өздерінше нәпақа тауып жүрген жандар. Олар бір ғана істі емес бірнеше шаруаны шыйратып өзі қалаған әдемі өмірін сүріп балаларын да өзгеден кем қылмай өсіруде. Осындайда Абайдың: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалы ерікісіз еске түседі. Шынымен де қазір еңбек еткен адамға жұмыс көп, ал еріншекке жұмыс жоқ. Сондықтан жақсы өмір сүру үшін жұмыс талғамай жастық жігерді жақсылыққа жұмсайық.
Н. МАРАТ