Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұртшылықты жігерлендірген Жолдау

Жұртшылықты жігерлендірген Жолдау

Биылғы жолдау жағымды жаңалықтарымен бізді қуантып отыр. Президентіміз біраз өзгерістердің орын алатынын айтып, халықты жігерлендіріп қойды.
Балалар – еліміздің болашағы. Соған сәйкес Жолдауда айтылған 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан арнайы қаражат бөлініп отыруы - бұрын-соңды болмаған айтулы өзгеріс. Сонымен қоса биылғы «Балалар жылындағы» елеулі жаңалық болды.
Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіппен айналысуына мол мүмкіндіктер ашу бағытында қолдау шаралары жүзеге асырылатын болады. Бұл - еліміздің дамуының басты кепілі.
Зейнет жасының қысқаруы, ең төменгі жалақы мөлшерінің жоғарылауы секілді өзгерістер мемлекетемізді адам өмірін бағалайтын өміршең, қуатты елге айналдырмақ.
Ең бастысы, осы бастамалардың іс жүзінде орындалуы. Келешектен күтеріміз көп.

Аманжол Жолмағамбетов,
білім беру саласының үздігі, ардагер
05 қазан 2022 ж. 415 0