Жұртшылықты жігерлендірген Жолдау

Балалар - еліміздің болашағы ғой. Жолдауда айтылған 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан арнайы қаражат бөлініп отыруы - бұрын-соңды болмаған айтулы өзгеріс. Сонымен қоса биылғы «Балалар жылындағы» елеулі жаңалық болды.
Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіппен айналысуына мол мүмкіндіктер ашу бағытында қолдау шаралары жүзеге асырылатын болады. Бұл - еліміздің дамуының басты кепілі.
Зейнет жасының қысқаруы, ең төменгі жалақы мөлшерінің жоғарылауы секілді өзгерістер мемлекетемізді адам өмірін бағалайтын өміршең, қуатты елге айналдырмақ.
Ең бастысы - осы бастамалардың іс жүзінде орындалуы. Келешектен күтеріміз көп.
Аманжол ЖОЛМАҒАМБЕТОВ,
білім беру саласының үздігі, ардагер