Жолдау – ел дамуының негізгі тірегі

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейту, ұстаздар мәртебесін арттырудағы тапсырмалардың жалғасын табуы да айтылды. Ең басты елге жағымды жаңалықтардың бірі 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан келер жылдан бастап ақша түсуі, сонымен бірге әйелдердің зейнет жасының 61 жас болып(2028 жылға дейін) белгіленуі болды. Бәрекелді дейміз.
«Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ, ұлт мүддесі үшін біріге отырып, әділетті қоғам құруда бірлесе жұмыс жүргізу керек» деген Президентті біз әрдайым қолдаймыз!
Әділбек ӘЙІМБЕТОВ,,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы