Президент Жолдауы кемел келешекке жол ашады

Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Сонымен қатар Президентіміз « Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырып, мектепке дейінгі білім беретін ұстаздардың еңбекақысын көтеру қажеттігін атап өтті.
Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей болды.
Оспанов Нұралы Шүйіншалыұлы,
аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, білім саласының ардагері