Отбасылық дау тараптардың татуласуымен реттелді
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Осының нәтижесінде тараптар, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан.
Келісімде тараптар ерлі-зайыпты ретінде өмір сүруді әрі қарай жалғастыруды қалайтындарын көрсеткен.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі