Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген нысандарды аралады

Сапар барысында Саян Қылышұлы «Жылуэлектроорталық» және Қызылорда қаласындағы «Бас су жинау кешені» кәсіпорындарының басшылық құрамымен кездесіп, өндірістік процестермен танысты.
Кездесу барысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы делдалдар, жасанды монополистер, тарифтерді өсіру, қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың қызметі сараланды.
«Квазимемлекеттік сектордың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында тиісті бақылаудың және ашықтықтың болмауынан, жұмысқа орналасу рәсімі реттелмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу рәсімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басым, сол тұстарын зерделеу арқылы тиісті алгоритм ұсынуымыз керек деді», – деді Саян Қылышұлы.
Превенция қызметінің басшысы бұл нысандардың тәуекелдер картасына кездейсоқ енгізілмегенін, азаматтардың таза сумен және жылумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді.
Сондай-ақ, қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы Агенттік бақылауында болатындығы ескертілді.


kyzylorda-news.kz