Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал қаласы әкімінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 136-ө/жқ өкімімен Арал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы тағайындалды.

Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы - 1985 жылы 4 қарашада Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2008 жылы Болашақ университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің заңдылықтың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2010-2011 жылдары Байқоңыр қаласы бойынша Әділет басқармасында жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәліметтерді тіркеу бөлімінің қызметкері;
2012 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің заң басқармасының сарапшысы;
2013-2014 жылдары ҚР Дін істері агентігінде құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы;
2014-2015 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
2015-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы;
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелап өсіруде.
21 қазан 2022 ж. 298 0