Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 9 айлық нәтижелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 9 айлық нәтижелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 28 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылау туралы жедел мәжіліс өткізілді.Үстіміздегі жылдың 2-жартыжылдығынан бастап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық департаменттері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасы негізінде әрекет етуде. Бұл Картаға өңірлерде халық пен бизнесті толғандыратын көкейтесті мәселелер мен сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар  енгізілген.
         Осылайша, Департаменттің нәтижелері облыс тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға және Картаға енген бағыттардың тәуекелдерін жоюға негізделіп отыр.
Департаментпен 36 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, олардың ішінде қаржы саласы  мен жергілікті атқарушы органдарда басым көбі орын алған.
34 тұлғаның қылмыстық іс-әрекеттері әшкереленді.
 Қылмыспен келтірілген  залалдың 114,3 млн. теңгесі өндірілді.
Сонымен қатар, мәжілісте превенция, яғни профилактикалық және алдын алу шараларының барысы талқыланды.
Аталған жұмыстардың аясында көлік бақылау инспекциясы, квазимемлекеттік және көші-қон салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау жүргізілсе, басқа да өзекті салаларға қатысты 12 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасалып, олардың нәтижелерімен жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік мекемелерге ұйымдастырушылық шараларын қолдану жөнінде 162 ұсыным берілген.
Анықталған жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығару мақсатында, уәкілетті орталық органдарға салалық нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  30 ұсыным жолданған.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде біршама мемлекеттік мекемелерге сатып алу бағаларын қайта қарау туралы жолданған ұсынымдар негізінде 962 млн.теңге бюджеттік қаржының үнемделуіне қол жеткізілді.
Айтылғандай, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге аса назар аударылып, «Қызылорда Су жүйесі» мекемесіне жүргізілген тексеру қорытындысымен мекеме тарапынан ауыз сумен жабдықтау, ағынды суларды бұру қызметтерінің тарифтеріне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған несиелік келісім шарттары бойынша шығындардың мөлшері негізсіз қосылып, есептелгені анықталғаннан кейін, Департаменттің бастамасымен тұтынушыларға жалпы 49,9 млн. теңгенің тарифтері қайта есептеліп, нәтижесінде  ауыз сумен жабдықтау қызметінің орташа тарифі 1,94%, ал ағынды суларды бұру қызметінің орташа тарифі  0,28% төмендеді.
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 3 отырысы өтіп, жер телімдерін табыстау, жол құрылысы, агроөнеркәсіптік саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуы және т.б.  мәселелері қаралса, Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Комиссияның  өткен 3 отырысында ішкі істер органдарында, квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасына байланысты мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданған.
 «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына» сәйкес жемқорлық деректері жөнінде хабарлағандары үшін 8 азаматқа жалпы 1 643 800 теңге сыйақылары берілді.
Азаматтарға кез-келген жемқорлық оқиғалары туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы 1424 нөміріне хабарлауға болады.
Облыс аумағында ұзақ мерзім бойы өз шешімін таппай келген жүйелі және Картадағы мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті
02 қараша 2022 ж. 252 0