Ауданда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Осы орайда алдағы рейдтік іс-шара жүргізу кезінде тұрмысы төмен және жалғыз басты қарттарға, көп балалы ата-аналардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылу жұмыстары атқарылуда. Осыған байланысты Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №3 МӨСБ-нің қызметкерлері Арал қаласы мен елді мекендегі тұрғындарына іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі