Облыста ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді

Мектеп жаңалықтарына шолу жасап болғаннан кейін, акт залда ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлермен жарқын жүздесу» атты кездесу сазды әуенмен басталды. Мектеп директоры Гүлмира Расилқызы Конырбаева ардагерлерді мектеп мерейтойымен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Ардагер ұстаздардың өткен өмірінің естеліктерінен жинақталған бейнебаянды тамашалап, жаратылыстану, математика, информатика пәні мұғалімдері ұйымдастырған көңілді ойын, сұрақ-жауап, ән-шашуларына ризашылықтарын білдірді. Ардагер ұстаздар ұжымға рахметтерін айта отырып, мерейтойымен құттықтап, өз естеліктерімен бөлісті.
Шара соңында ардагерлерге ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді. Мектеп ұжымына, ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.

