Қаперсіздік қатерге ұрындырады

Біздің айтып отырғанымыз бір ғана дерек. Мұнан бөлек республика көлемінде қаншама жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлар күн сайын тіркеліп жатқанын естіп-біліп жатырмыз. Ал аудандағы жағдай қалай?
Осындай қиындықтардың алдын алу үшін аудан көлемінде қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын сұраған болатынбыз. Арал аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Сүлейменов:
– Жағдайдың барлығы бақылауда. Тұманның, жауын-шашынның салдарынан көлік қозғалысы қиындап отыр. Бірақ бүгінгі таңда "Қазақавтожол" мекемесімен бірлесіп жұмыс істеп, қиындықтың алдын алып отырмыз. Көктайғақты болдырмау үшін тұз себіліп, жолды тазартатын грейдер жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта 3 КамАЗ және 1 ЗИЛ жолдарды тазартуда, – дей келе, атқарылып жатқан істер алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін сеніммен айтты.
Дегенмен, жұмыстың нәтижелі болуы тікелей көлік жүргізушілеріне де байланысты. Ескертулерді елеп, қауіпсіздік үшін қызмет етіп келе жатқан қызметкерлердің сөзін басшылыққа алсақ, өкінішті жағдай да болмайды. "Сақтансаң сақтайды" деген сөз бекерге айтылмағанын естен шығармаған абзал.
«Толқын» ақпарат
Фото: kaz.zakon.kz