Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» »  «Жоқ! – деп айтуды үйрен»

 «Жоқ! – деп айтуды үйрен»

         Құрметті жас буын, еліміздің ертеңгі тірегі, замандас! Еліміз бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі – бабаларымыз «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғап, отан  болашағын бізге аманат еткен. Ата бабамыздың асыл мұрасы: жеріміз, еліміз бізге үлкен сый болып қалды. Еліміздің егемендігін алып, өзге елдермен теке тіресіп әлемнің озық елдерінің ордасынан орын алғанына  30 жылдан асты. Осы жетістігімізді әрі қарай бірлікте сақтап қалу, дамыту, шыңдау келешек ұрпақ біздің қолымызда.        
       Сол үшін қазіргі таңда келешек ұрпақтың дұрыс таңдау жасауға, жақсы білім алып, биіктен көріну жолында түрлі факторлар кедергі жасауға тырысады. Солардың бірі ғасыр дерті, күллі әлемнің сағын сындырған, қанша жастың өмірін тоз қылған есірткіге құмарлық, нашақорлық. Нашақорлық бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткінің қармағына іліну деген өрмекшінің торына түскендей, қанша бұлқынғанмен шырмаудан шығу екі талай. Адам өмірінің түрлі түсін бозартып, сәні мен үнінен, қуанышы мен шаттығынан, болашағымен келешегінен айырар,өзіне тәуелді бейшара күйге енгізер бірден бір содыр қара түнек. Бойыңа кірген бойда зұлым паразит тәрізді қол аяғыңда шырмауға тастап қана қоймай, адам бойында қатігездік, ессіздік атаулы нәрселердің оянуына себепші дерт. Қаншама отбасы, қаншама азамат, қаншама сәби осы түнектің ішінде сорлап қалды.  Бұның барлығы жас жеткіншек бойындағы қызығушылық, еліктеушіліктен басталады. Сондықтан дер кезінде үзілді-кесілді «Жоқ!» – деп айтуды үйреніңіз, бұл сіздің бүкіл өміріңізді қорғағаныңыз. Міне, мұндай кесірлерге жол бермеу, болашағымызға тосқауыл болуына араша болу тек өзіміздің, сіз бен біздің қолымызда.
         Әр уақытта қатар жүретін жақсы мен жаман атаулыны ажырата білуіміз керек. Ата-ананың аялы алақаны, достарымыздың ыстық ықыласы, туыстардың жанашыр тілегі, ұстаздардың болашаққа жетелеуі, міне, мұның бәрі өмірдің мәні, ең құнды сыйы. Өмір қолымыздағы ең қымбат қазына.  Мектеп қабырғасында жүріп, болашаққа жоспар құру, оған үлкен сенім арту, армандау, мақсат қою біздің басты жұмысымыз. Біріміз дәрігер, біріміз ұшқыш, біріміз саяхатшы болуды армандаймыз, біз білмейтін қаншама керемет, таңғажайып дүниелер бар десеңші. «Уақыттың босқа өткені - өміріңнің бос өткені», сондықтан да алтын уақытымызды тек өзіміздің жарқын болашағымыздың игілігіне жұмсайық, Отанымыздың өсуіне, өнуіне өз үлесімізді аянбай қосайық, достар!
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
 Ашықбаева Аяжан Асылбекқызы
Арал ауданы, Сексеуіл кенті,
№283 орта мектеп
12 қаңтар 2023 ж. 615 0