Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жоқ! - деп айтуды үйрен"

"Жоқ! - деп айтуды үйрен"

#есірткігеқарсы,
# противнаркотиков
"Жоқ! -деп айтуды үйрен" Бұл қазіргі заманғы өзекті мәселе болуы шарт.Қоғамдағы өзекті мәселеге айналдыра білуіміз керек. Мен осы мәселені қозғағым келіп отыр. Жоқ деген жақсы нәрсе емес. Бірақ сол сөздің атқаратын ролі де ерекше екенін білгеніміз жөн. «Жоқ» сөзді айту арқылы адам баласы жақсы жолды таңдай алады. Әр нәрсе өз орнымен болғаны жөн. Әйтсе де, ақ пен қараны ажырата білуіміз шарт. Қара деп отырғанымыз жеке өмірімізге зиян келтіретін қауіпті, айықпас дерт. Мына өмірде араласатын ортаңды таңдап жүріп жолықтырасың. Сол ортаңда өз бойыңды зиянды заттардан аулақ ұстап, "жоқ" -деген сөздерді айтуымыз қажет. «Жоқ» сөзінің пайдасы адам баласының жаман жолға түсіп кетпеуіне, қажет емес екенін сезінуіне үлкен септігін тигізеді. Құбылмалы заманда түрлі алдау-арбау арқылы жаман жолға түсіп жатқан жан қаншама. Сол үшін де «жоқ» деп айтуды әрбір адам үйрене білуі тиіс.
Бөгде кісі келіп:  «Қәне, балақай! Кел, менде тәтті конфет бар, келіп дәмін татып көрші, келе ғой ойын сауыққа апарамын... Досым кел, татып көр, ұстап көр, дәмін татып көр. Өмірдің рахатын сезін. Іші-бауырыңа кіріп тұрған соң қалай алданып қалғаныңды сезбей де қаласың. Бақыттан басың айналады деген жалған сөздің жетегіне жармасып кетпе жас дос! «Жоқ!-деп айтуды үйрен!». Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық, ащы суға құмарлық. Сол белең алған улы да, уытты заттан аулақ болуымыз керек. Сол үшін де «жоқ» сөзін жиі айтуға тура келеді. Қоғамдағы дертпен сіз болып, біз болып аты шулы дерттен күресуіміз керек. Өмірге келдіңіз бе өміріңізді тап-таза ақ парақтан баста. Есірткі, ішімдік, темекі,ащы су мұның барлығы сізге жат екенін айтамын
Қорыта келгенде, «жоқ» сөзін айту арқылы нашақорлыққа, шылым шегуге, ащы суға құмарлыққа жол жоқ деп жас ұрпақтың санасына құюымыз керек.
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанып, өмірде жақсы жол таңдай білу міндетіміз. Ғасыр дертіне айналған аталмыш  зиянды заттарды пайдаланбау керектігі көкейімзде сақталуы шарт.Бұл ғасыр дертіне «Жоқ!-деп айтуды үйрен» жас дос!
Әмина Мұханбетшәріпова,
№59 орта мектептің 8 «Б»сынып оқушысы
20 қаңтар 2023 ж. 830 0