Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоқ! – деп айтуды үйрен

Жоқ! – деп айтуды үйрен

«Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол..» , - деген Абай атамыздың өсиеті бүгінгі күнге керек ереже. Қарсыласу – көп нәрседен жаныңды сақтайды. Адам өзін басқарып, жаман әдетке қарсы тұрса өмірі ғажапқа толы болатын сөзсіз.Таңғажайып өмір сәттерін елеске айналдыру, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Адамдардың ,әсіресе жастардың есірткіге, ішімдікке және электронды шылымға әуестігі бәрімізге белгілі. Демек, ел болып бұл дертке қарсы тұруға міндеттіміз.
Біріншіден, бір қарағанда жай нәрсе секілді, ал оның әсерінің мықтылығы соншалық адамды өзіне тәуелді етуге қауқарлы. Менің ойымша, адам қаншалықты есірткіге, ішімдікке қарсы тұрса, өмірі жақсылыққа толары сөзсіз. Есірткіге әуестік, маскүнемдік - адам миының жұмыс жасауына зардабын тигізеді. Дәлірек айтсақ, есте сақтау қабілетінен айырады. Өйткені тұтынған заттың күші мықты. Сосын адам ағзасына түскен улы зат, өз қызметін жайлап атқара бастайды. Әйтсе де адам оған тәуелді болып, «мәңгүрттік» күйге түседі. Адамның құрдымға кетуі осыдан басталады.
Екіншіден, бас шұлғып келісе салу- ойсыздықтың белгісі деп ойлаймын. Әрине, мейірімділікке бастайтын жолға жақын болуымыз керек. Адам өз тағдырына балта шаппай, болашағын жарқын етуі керек. Ойланыңызшы, кеше ғана желіні шулатқан қыздардың төбелесі нәпсінің құлына айналғандарын көрсетті. Уақытында қарсы тұра алмаған жаман әдеттері оларды елге әйгілі етті емес пе?! Демек, көз алдымызда өтіп жатқан көріністерден сабақ алып, жаман нәрсеге «Жоқ!» деп айта алуымыз құнды адам екенімізді білдіреді. Мен 16 жасқа толған жалынды жаспын! Өміріме кері әсер ететін заттардың бәріне толықтай «Жоқ!» деп айта аламын. Менің ойымша, өз пікірін айтып, сөзінде тұру - нағыз қазақтың мінезі.«Сөзіңді түзе әдетіңе айналады»,- демекші қасиетті сөздің құдіретін ұғынсақ екен!
Адам – өз өмірінің қожайыны. Тамаша сәттерді жаман нәрсемен уламауы қажет. Өміріңді құрдымға апаратын нәрсеге «жоқ!» деп айтқан абзал. Осы сөздің төркінін түсінгенде ғана, еліміз көркейіп, көк байрағымыз мәңгілікке желбірейді.

Альмира ҮСЕНБАЕВА, 
Арал аудандық №260 мектептің 10 сынып оқушысы

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

20 қаңтар 2023 ж. 401 0