Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді

35 жасқа дейінгілер жастар санатына кіреді

35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына кіреді деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар қатарына жатпайтынын нақтылады.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 1-бабының нормасына сәйкес, он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары жастар деп танылады. Ал Қазақстан Республикасының отыз бес жасқа толған азаматтары жастар санатына жатпайды деген сөз, – делінген министрлік ұсынған жауапта.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол жастардың жасын 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтуды көздейді.
01 ақпан 2023 ж. 363 0