Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасылық даулар тараптардың татуласуымен реттелді

Отбасылық даулар тараптардың татуласуымен реттелді

Арал аудандық сотында некені бұзу, баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы екі талап қою тараптардың татуласуымен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісімдер жасасқан.
Медиативтік келісімдерде тараптар ерлі-зайыпты ретінде өмір сүруді әрі қарай жалғастыруды қалайтындарын көрсеткен.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
09 ақпан 2023 ж. 359 0