Елдің ертеңі бүгіннен басталады

Расында «Жас Ұлан» ұйымы өз ортасының ылғи үздіктері жиналған, қабілеттілікке шыңдайтын орта. Ол елімізге деген сүйіспеншілік пен махаббат, білімге деген құштарлыққа жетелейді. Ұйым – алтын сандық секілді, лайықты болып, кілтін таба алсаң, ішіндегі бар байлықты алуға мүмкіндік береді. Жас ұлан – өскелең ұрпақты, келешектің алып қақпасына айналдыратын зор мүмкіндік.
Жасөспірімдер 7-9 жас аралығында «Жасұланға» қабылдана отырып, ант тапсырады. Міне, бүгінгі жастардың, балалардың антына адалдығы, сертіне беріктігі дәл осы кезден басталады. Елдің болашағына баланған, сөзіне берік ұрпақ ертеңгі күні кемел болашаққа бастайтыны сөзсіз. Жастарды рухтандырып, бәсекелестік қабілеттіліктерін шыңдап, өзара пікірлесе білуге үйренуді де осы ұйымнан бастайды.
Бүгінгі уақытта біз бәсекелстік өзгеге күншілдікпен қарау емес, одан үлгі алып сол секілді болуға тырысу, нағыз парасаттылық, өмірлік лайықты қағидаттарды айналамыздан көріп, үйреніп келеміз. Өмірлік қағидатсенің өміріңнің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ұстанымы жоғары ұрпақ – әрқашан өзгелерден жоғары болмақ.
Міне, «Жас ұлан» ұйымының ұстанымының негізінде әрбір шаңырақ астында туған елі үшін келер күні ерінбей еңбек ететін жас ұрпақ өсіп келеді. Білімді және тәуекелшілжас, яғни біз тәуелсіз Қазақстанның берік қорғанымыз. Ал берік қорған – алынбас қамал.
Аида АБАТОВА,
Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта
мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы