Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұлттық" жоба аясында кездесу өтті

"Ұлттық" жоба аясында кездесу өтті

"Көктем" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аудандық қаламгер Еркін Қарасайұлы Дінахметовпен «Барыс– үміт нышаны» атты кездесу кеші өткізілді.
Жоба барысында қаламгердің «Барыс» кітабының шығу тарихының ерекшелігін,кітаптың тұнып тұрған тарих пен ұлттық сал-дәстүр, мәдениет,ұлттық тәрбие екенін кітаптан дәлелдер мен сызбалар арқылы жеткізе білді. 
– Осы жоба балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениеті мен белсенділігін арттырып, кітап оқу мәртебесін көтереді әрі бүгінгі күннің балалар әдебиеті жазушыларының қалыптасатынына ықпал ететініне зор сенімдемін, – деп "Көктем" БПҰ төрайымы Әлішева Жанар салт дәстер мен қазақи құндылықтарды дәріптеу мақсатында мұндай шаралардың алдағы уақытта да орын алатындығына тоқталды.
14 ақпан 2023 ж. 281 0