Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуластыру рәсімдерін қолданудағы белсенді жұмыстар

Татуластыру рәсімдерін қолданудағы белсенді жұмыстар

Заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норманың қолданылып келе жатқанына бір жылдан аса уақыт болды. Осы уақыттары ол, өзінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеп келе жатыр. Мұны сот тәжірибесі де растайды.
Мәселен, өткен аптада Арал аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы 8 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен аяқталса, 1 азаматтық іс татуласу келісімін жасасумен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі «сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде, тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауларды реттеу туралы келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізулер тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
17 ақпан 2023 ж. 282 0