Ата-ананы қадірлей білейік

Ата-ана тәрбие беруде ұл-қызына үлгі болуы қажет.Жақсылыққа үйретіп,жамандықтың арты неге соқтыратын білдіріп отыруы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.а.у): «Ата-ананың разылығы, Алланың разылығында» дейді. Өз ата-анасына құрмет көрсетпейтін бала, ата-ана алдындағы парызын өтемеген болып есептеледі. Сондықтан да қасиетті Құранда Жаратушымыз бекіткендей құлшылығымызбен қатар ата-анамызға өз құрметімізді, бар жақсылығымызды, сыйластығымызды білдіруіміз керек. Асыл дініміз бізге бұйырғандай барынша ата-анаға құрмет пен кішіпейілдігімізді көрсетуіміз Алланың разылығына бөленуімізге көмектеседі
Қазақта "Атаңа не істесең алдыңа сол келеді" дегендей, бұл фәни дүниеде қазақылықтан танбай, ата-анамызды қадірлей білейік. Үлгілі отбасылардың өнегесін алып, өсіп-өнген ел мақтанар, қызыға қарар әулет болуға талпынайық.Адам баласына ата-анасымен бірге ойнап-күліп бір дастарқан басында емін-еркін әңгіме-дүкен құрып, ақылын тыңдап отырғаннан асқан байлық бар ма?! Өз шаңырағында, өз балаларының ортасында отырып, титтей болса да, естіген жылы сөзіне ештеңе де жетпейді.
Е. ЖАРҚЫНБАЙ