Қаладағы қарбалас

Айнала еріп, Аралдың орталық көшелері мен ой-шұңқырлары суға толып жатыр. Осындай сәтте тәулік тынысымен жымдасып, уақытпен санаспай жұмыс жасайтын «ARDANA GRОUP» ЖШС және «ҚУАНЫШБЕК» ЖШС мердігерлік ұйымдары қаланы судан тазартуда тынымсыз еңбектеніп жатыр. Қазір қаланың көшелері мен жолдарын толассыз жауған жауын мен еріген қар суынан тазарту үшін 11 арнайы техника жұмыс жасауда. Негізі мақсат – қызыл судан келер қауіпті сейілтіп, үй-жайлар мен көшелерді қаз-қалпында ұстау. Міне, осы бағытта күн-түн демей еңбек етіп жатқан аталмыш мердігерлік ұйымның жұмысына аралдықтардың алғысы ерекше. Лайықты еңбекті бағалау да бір ғанибет. Сол сәттерден сіздің назарыңызға бірнеше кадрлар ұсынып отырмыз.

