Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда сенбілік өтті

Аралда сенбілік өтті

Бүгін Арал ауданында Республикалық «Birge - Тaza Qazaqstan» акциясы басталды. Көктемгі тазалық жұмыстарын аралдықтар ауызбіршілікпен атқаруда.
Аудандағы барлық мекемелер мен мектеп, балабақшалардың аулаларына, ескерткіштер маңы мен демалыс алаңдары, орталық көшелер бойын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов қала көшелерін аралап, сектор бойынша әр аумақта жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстарын бақылап шықты. Алдағы уақытта да туған өлкеміздің келбетінің көрікті болуы үшін әр сенбі сайын тазалық жұмыстары жүргізілетінін, тұрғындардың бұл жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, барлығы бірдей атсалысуының маңызды екендігін айтып өтті. Сонымен қатар аудан әкімі салғырттық танытып, тазалық мәдениетін сақтамағандарға заңнамаға сәйкес шара қолдану жөнінде жауапты мамандарға тапсырма берді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
18 наурыз 2023 ж. 182 0